Астанада мемқызметкерлердің компьютерлері 6.30-да автоматты түрде сөндірілетін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада мемқызметкерлердің компьютерлері 6.30-да автоматты түрде сөндірілетін болады

Астанада мемқызметкерлердің компьютерлері 6.30-да автоматты түрде сөндірілетін болады

Инвестиция және даму министрлігінің өкілдері жұмыс уақытының жаңа есеп жүйесін енгізе бастады. Астанада мемқызметкерлердің компьютерлері 6.30-да автоматты түрде сөндірілетін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • 30 Маусым 2016
  • 358
Фото - Caravan.kz


Бұл жаңалық туралы Инвестиция және даму министрлігінің Кадр жұмыстары жөніндегі департаментінің директоры Марат Иғали айтып берді. 

Иғалидың айтуынша, жүйе сынақ тәртібінде шамамен бір ай бұрын енгізіле бастаған. Ол осылайша басшының немесе қызметкердің жұмыс уақытында қаншалықты тиімді жұмыс істейтіні сарапталатынын айтты. Басшылық жаңа есеп жүйесін екі ай уақыт бойында сараптамақшы.

"18.30-да (жұмыс уақытының соңы) бағдарлама қызметкердің компьютерін автоматты түрде сөндіреді. Ал егер жұмысшының жұмысы бұл уақытта ақяталмай қалса, жұмыс уақытын себебін айта отырып жалғастыра алады. Сараптама бір айдың қорытындысы бойынша жүргізіледі: қызметкерлердің қайсысы және қай құрылымдық бөлімшелер жұмыс күнінен кейін жұмыс істейді және ең басшысы — "неге?" деген сұраққа жауап алынады. Бөлімше жетекшілерінің әрқайсысының қызметін бағалауға бұл әдіс таптырмас мүмкіндік береді деген болжам бар", — деп хабарлады Иғали.