Астанада «Менің кішкентай ханшайымым» сұлулық байқауының ақтық мәресі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Менің кішкентай ханшайымым» сұлулық байқауының ақтық мәресі өтті

Астанада «Менің кішкентай ханшайымым» сұлулық байқауының ақтық мәресі өтті

Елордада «Менің кішкентай ханшайымым» атты сұлулық байқауының ақтық мәресі өтті.

  • 13 Сәуiр 2012
  • 1052
Фото - Caravan.kz

«Нұр Отан» ХДП-ның қолдауымен «Гүлнәр Оразалинаның бекзат қыздардың имидж студиясы» ұйымдастырған байқаудың алғашқы кезеңіне шамамен 80 үміткер қатысса, оның тек 17-сі ғана финалға шықты.

Кішкентай ханшайымдардың ұлттық киім мен кешкі сән көйлектерін көрсету сайысы көрермендер мен қазылар алқасының қызғушылығын тудырды. Финалдық бөлім дәстүрлі түрде өтіп, «Кішкентай топ-модель ханшайымы», «Кішкентай ханшайым», «Кішкентай сұлулық ханшайымы», «Кішкентай бақыт ханшайымы» сынды аталымдар бойынша жеңімпаздар анықталды. Байқаудың қорытындысы бойынша екінші «Кішкентай вице-ханшайым» атағына Гүлсая Көпжасарова, бірінші «Кішкентай вице-ханшайым» атағына Бірғауым Қаражанова ие болды. Ал байқаудың бас жүлдесі Медина Әлжановаға бұйырды.

Перейти к новостям спорта