Астанада «Менің Қазақстаным» республикалық фестивалінің қалалық кезеңі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Менің Қазақстаным» республикалық фестивалінің қалалық кезеңі өтеді

Астанада «Менің Қазақстаным» республикалық фестивалінің қалалық кезеңі өтеді

Астанада 24 қаңтар күні сағат 11:00-де М. Горький атындағы академиялық драма театрында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған "Менің Қазақстаным" республикалық байқауының қалалық кезеңі өтеді. Сонымен қатар, "Бейбітшілік пен келісім жол картасы" мега-жобасының қорытындысын шығару рәсімі өтеді, деп хабарлады Астана қаласының ресми сайты.

  • 22 Қаңтар 2015
  • 301
Фото - Caravan.kz

Қазақстан халқы Ассамблеясының Астана қалалық хатшылығының хабарлауынша, фестивальға елордалық этнобірлестіктердің өкілдері (әншілер, вокалдық топтар, хор ұжымдары, музыканттар) қатысып, қалалық филармонияның сүйемелдеуімен өз өнерлерін ортаға салады.

Шараның мақсаты — мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәдениетке, дәстүрге деген құрметті қалыптастыру. Фестиваль соңында "Астанадағы бейбітшілік пен келісім жол картасы" кітабы таратылады.


Перейти к новостям спорта