Астанада миды емдейтін аппарат бар - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада миды емдейтін аппарат бар

Астанада миды емдейтін аппарат бар

Неонатологиядағы қажетті болып саналатын және қымбат тұратын гипотермия аппараты елордада алғаш орнатылды. Ал оған қажетті қаржының бір бөлігі «Астана марафон-2017» қайырымдылық шарасынан түскен ақшадан аударылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

  • 17 Қараша 2017
  • 275
Фото - Caravan.kz

«Ана мен бала» орталығына орнатылған Tecotem neo аппараты «Аяла» қайырымдылық қорнының «Бақыланатын гипотермия» жобасы аясында сатып алынды. Құралға қажетті қаржыны қордың серіктестері берген. Ал 2 900 000 теңгені «Астана марафон-2017» марафонының қатысушылары жинады.

«Аталған аппарат әлемде белсенді түрде қолданыла бастады. Қазақстанда алғаш болып Астана мен Алматы қалаларына екі аппарат алынды. Күтіп ұстаса он жылға дейін қызмет етеді. Жақын арада Литвадан мамандар алдыртып, аталған аппаратмен қалай жұмыс істеу керектігін үйретеміз», — деді «Аяла» қайырымдылық қорының медициналық жобаларының жетекшісі Берік Даржанов.

Оның айтуынша, гипотермия әдістемесі әлемдік тәжірибеде кең таралғанымен гипотермия аппаратының қолданысқа енгеніне көп болған жоқ.

«Бұл аппарат асфиксиядан кейін балалардың күрделі жағдайдан шығып, оңалуына септігін тигізеді. Бүгінде әлем бойынша туған баллардың 23 пайызы осындай дертпен туады. Ал Қазақстанда шамамен 10 пайызды құрайды», — деді Даржанов.


Айта кетейік, «Аяла» қайырымдылық қоры еліміздегі балалар медицинасы саласында 10 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы жылдар ішінде аталған қор Қазақстандағы бірқатар медициналық және білім беру мекемелері мен әлеуметтік нысандарға қажетті жабдықтарды алуға қолдау білдірді.