Министрлер Конгрес-Холл сарайында балалардың декоративтік-қолданбалы шығармашылығына арналған көрмеге қатысып, мерекелік концертті тамашалады.
Көрмені тамашалау барысында ҚР білім және ғылым министрі Бірғаным Әйтімова : «1-маусым — жер бетіндегі ересектер қауымы балаларға назар аударып, оларға мейлінше қайырымдылық көрсететін күн»,- деп мәлімдеді. «Біз бұл күні балалар үшін не тындырдық дегенді ой елегінен өткізіп, саралауға тиіспіз»,- деді ол.
Астанада бүгін балаларды қорғау күніне орай бірнеше шара өткізіледі.