Астанада М.Мақатаевтың 80 жылдығына арналған әдеби-танымдық кеш өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада М.Мақатаевтың 80 жылдығына арналған әдеби-танымдық кеш өтеді

Астанада М.Мақатаевтың 80 жылдығына арналған әдеби-танымдық кеш өтеді

Ертең Астанадағы Президенттік мәдениет орталығында М.Мақатаевтың 80 жылдығына арналған әдеби-танымдық кеш өтеді.

  • 6 Қазан 2011
  • 1067
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы және «Руханият» айының шеңберінде өткізілген Қазақстан халқы тілдерінің ХІІІ республикалық фестивалін қазақ поэзиясының ақиығы Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығына арналған «Қазақ поэзиясының мұзбалағы» атты әдеби-танымдық кешпен қорытындылайды»,-делінген Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәдіметтерде.

Аталмыш шара қазақстандықтарды біріктіретін негізгі фактор ретінде Тәуелсіздіктің басты белгісі әрі рухани байлығы болып табылатын ана тілімізді насихаттау, оның мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін асыру және тіл мәдениетін жетілдіруге ықпал етер ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді. Кешке М.Мақатаев атындағы қордан, ақынның замандас достары, М.Мақатаев шығармашылығын зерттеген ғалымдар, өлеңдеріне ән жазған сазгерлер, ақын шығармаларын орындап жүрген белгілі әртістер шақырылып отыр. Бұл шара Мұқағали жайлы түсірілген кинофильмдерден үзінділер көрсетуден басталып, ақын шығармаларынан театрландырылған көрініспен жалғасады.

Перейти к новостям спорта