Астанада Монако Князьдігінің Қазақстан Республикасындағы Құрметті консулдығы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Монако Князьдігінің Қазақстан Республикасындағы Құрметті консулдығы ашылды

Астанада Монако Князьдігінің Қазақстан Республикасындағы Құрметті консулдығы ашылды

Бүгін Астанада Монако Князьдігінің Қазақстан Республикасындағы Құрметті консулдығының ашылу салтанаты болды. Рәсімге Монако Князі ІІ Альбер қатысты.

  • 4 Қараша 2012
  • 319
Фото - Caravan.kz

Монако Князі ІІ Альбердің Қазақстанға ресми сапары кезінде екі ел басшылары бұдан әрі елдеріміздің ресми деңгейде қарым-қатынас орнатуына негіз болатын бірқатар келісімдерге қол қойды. Бұған дейінгі мәдени және экономикалық салалардағы алдын ала талқыланған мәселелер енді өз шешімін таппақ.

Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында Монако Княздігінің Қазақстандағы құрметті консулы Қайрат Оразбеков мәлім етті.

«Бүгін Астанада ашылып отырған Монако Княздігінің Құрметті консулдығы біздің елдеріміз үшін үлкен саяси қадам. Құрметті консулдықтың ашылуы халықтық дипломантияның орнатылуы деген сөз. Ал халықтық дипломатия дегеніміз — екі ел арасындағы әріптестіктің ең жоғарғы деңгейі», — деді Қ. Оразбеков.

Соңғы жаңалықтар