Caravan Logo

Астанада Монако Князьдігінің Қазақстан Республикасындағы Құрметті консулдығы ашылды

Астанада Монако Князьдігінің Қазақстан Республикасындағы Құрметті консулдығы ашылды

Монако Князі ІІ Альбердің Қазақстанға ресми сапары кезінде екі ел басшылары бұдан әрі елдеріміздің ресми деңгейде қарым-қатынас орнатуына негіз болатын бірқатар келісімдерге қол қойды. Бұған дейінгі мәдени және экономикалық салалардағы алдын ала талқыланған мәселелер енді өз шешімін таппақ.

Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында Монако Княздігінің Қазақстандағы құрметті консулы Қайрат Оразбеков мәлім етті.

«Бүгін Астанада ашылып отырған Монако Княздігінің Құрметті консулдығы біздің елдеріміз үшін үлкен саяси қадам. Құрметті консулдықтың ашылуы халықтық дипломантияның орнатылуы деген сөз. Ал халықтық дипломатия дегеніміз - екі ел арасындағы әріптестіктің ең жоғарғы деңгейі», - деді Қ. Оразбеков.