Астанада муайтайдан шеберлер арасында ҚР Президентінің Кубогы үшін халықаралық турнир өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада муайтайдан шеберлер арасында ҚР Президентінің Кубогы үшін халықаралық турнир өтеді

Астанада муайтайдан шеберлер арасында ҚР Президентінің Кубогы үшін халықаралық турнир өтеді

Үстіміздегі сәуір айының 3-і күні Астанада муайтай бойынша шеберлер арасында Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы үшін халықаралық турнир өтеді. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінен хабарлады.

  • 1 Сәуiр 2011
  • 505
Фото - Caravan.kz

Муайтайдан Қазақстан Президентінің Кубогы үшін алғашқы жарыстар 1993 жылы өтті және ол «Елухан» кәсіби спорт клубының жүлдесі үшін Дәстүрлі халықаралық турнир деп аталды. 1992 жылы құрылған «Елухан» КСК бүгінгі күні ҚР Муайтай федерациясының негізгі жаттығу базасы болып табылады.

1995 жылы Турнирді Мемлекет басшысы арнайы келіп тамашалады. 1998 жылдан бастап Турнир муайтай бойынша «ҚР Президентінің Кубогы» деп атала бастады және ол жыл сайын Наурыз мейрамы кезінде өткізіледі. 2007 жылы Астанада Қазақстан, Өзбекстан, Англия, Шотландия, Франция, Швейцария, Гонконг және Тайланд спортшыларының қатысуымен алғашқы кәсіби турнир өтті. Оның барысында Әлем, Азия және Еуропа чемпиондарының титулы мен Интерконтиненталдық белдігі сарапқа салынды.

ҚР Муайтай федерациясы кәсіби шеберлердің арасындағы биылғы кезекті турнирін ел президенттігіне үміткер Н.Назарбаевтың кандидатурасын қолдауға арнамақ.

Турнир барысында сондай-ақ, Тайланд Королінің Кубогы үшін бақ таластыратын спортшылар арасында квалификациялық іріктеу өтеді. Оның ақтық сайысы 2011 жылдың 5 желтоқсанында Бангкокта Тайланд Королінің туған күніне орай өтеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера