Астанада Мұқағали Мақатаев атындағы қалалық байқаудың жеңімпазы анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Мұқағали Мақатаев атындағы қалалық байқаудың жеңімпазы анықталды

Астанада Мұқағали Мақатаев атындағы қалалық байқаудың жеңімпазы анықталды

«Қазақтың қара өлеңіне шапан жауып қайтарған» ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың мұрасын насихаттап, жас ақындардың шығармашылығын шыңдау мақсатында Астанада алғаш рет «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» атты қалалық байқау өтті, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайтында.

  • 25 Ақпан 2014
  • 384
Фото - Caravan.kz


Байқауға 20-30 жас аралығындағы 40 ақын қатысты. Соның ішінде жетеуі ақтық мәреге шықты.

«Жалпы, өлең деген жеңіл дүние емес. Өте жауапкершілікпен қарау керек. Оқыған өлеңім бұл байқауға деп шықпаған еді. Фариза апамыздың рухы бұған сын артпас деп ойлаймын. Өйткені қасында болған, көрген апамыз. Ақ батасын берген. Мұқағали ағамыз бен Фариза апамыздың өнердегі жалғасы болып, туын құлатпауға тырысамыз», — дейді байқау жеңімпазы Жұлдызай Ысқақ.

Байқаудың алғашқы кезеңінде ақындар Мұқағалидың өмірі мен шығармашылығына арнаған өз өлеңдерін оқыды. Келесі бөлімде туған тіл тақырыбын өзек етіп, ана тілдің құдыретін тілге тиек етті. Байқау Мұқағали Мақатаевтың өлеңіне жазылған әнді орындаумен, оның күнделігінен сыр шертумен қорытындыланды. Бақ сынаған жас ақынның барлығы бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды. Ал, I-орынды жеңіп алған Жұлдызай Ысқақ республикалық байқауға жолдама алды. 

Перейти к новостям спорта