Астанада Мүсірепов атындағы Қазақ жасөспірімдер театрының гастролі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Мүсірепов атындағы Қазақ жасөспірімдер театрының гастролі өтеді

Астанада Мүсірепов атындағы Қазақ жасөспірімдер театрының гастролі өтеді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған шаралар аясында Астанада 10-шы қазаннан 14-ші қазан аралығында Ғ. Мүсірепов ат. Қазақ мемлекеттік аккадемиялық жасөспірімдер театрының гастрольдері өтеді, деп ҚР мәдениет министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Қазан 2011
  • 453
Фото - Caravan.kz

«5 күн барысында елордадағы К. Байсеитова ат. Ұлттық опера және балет театрында алты қойылым көрсетіледі: Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» (режиссері Ж. Хаджиев); Е. Аманшаев «Балкон» (режиссері С.Қарабалин); Ф.Шиллер «Коварство и любовь» (режиссері Р.Виктюк); М.Байджиев «Тұншыққан сезім» (режиссері Б.Сейітмамытұлы); Ч.Айтматов «Пегий пес, бегущий краем моря» (инсценировка және режиссура — Т.Теменов)», — деп көрсетілген ведомствоның дүйсенбі күні таратқан хабарында.

Сонымен қатар, 11-14 қазанда күн сайын 12 сағатта «Наурыз думан» (режиссері М.Ахманов) атты балалардың музыкалық ертегісі көрсетіледі.

Спектакльдердің бастылауы – 19 сағат.

Перейти к новостям спорта