Астанада Мұсылман әлемі мен Батыс елдері сыртқы істер министрлерінің "Ортақ әлем: әралуандық арқалы өркендеу" конференциясы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Мұсылман әлемі мен Батыс елдері сыртқы істер министрлерінің "Ортақ әлем: әралуандық арқалы өркендеу" конференциясы басталды

Астанада Мұсылман әлемі мен Батыс елдері сыртқы істер министрлерінің "Ортақ әлем: әралуандық арқалы өркендеу" конференциясы басталды

Астана. 17 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада бүгін 60-тан астам мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен "Мұсылман әлемі мен Батыс" елдері сыртқы істер министрлерінің "Ортақ әлем: әралуандық арқалы өркендеу" конференциясы басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 17 Қазан 2008
  • 570
Фото - Caravan.kz

Қазақстан бастамасымен өтпек Конференцияның басты мақсаты, тараптардың халықаралық қатынастар мәселелерін, модернизациялау, экономикалық ынтымақтастық, мәдениеттердің бейімделуі және осы жағдайлардағы БАҚ ролін талдау әдістерін тәжірибелік тұрғыда қарастыру болып табылады.

Бүгінгі күні дінаралық диалогта Мұсылман әлемі мен Батыс арасындағы айырмашылықты анықтауға тырысқанша, екі өркениет арасында оңтайлы өзара әрекеттестікті дамыту қажеттілігі туындауда.

Қазіргі кезде орын алған Батыс және Мұсылман мәдениеттерінің етене араласуы өзаратүсіністік арнасында жүзеге асуы тиіс. Бұл жағдайдың дұрыс қалыптасуы қазіргі заман саясаткерлерінің міндеті.

Осы мақсатта Астанада өткен әлем және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезіндегі рухани көшбасшылар дауысының мемлекетаралық саяси деңгейге жетуі/ өркениетаралық диалог саясатының сабақтастығы мен жауапкершілігіне жүктеледі.

Бұл ретте Қазақстандық форум өркениетаралық диалог саласындағы соңғы жетістіктерді жандандыра отырып, Батыспен Мұсылман әлемі қарым-қатынастарына ықпал ететін саяси шешімдерді қабылдауды мақсат етеді.

Қазақстан жағы конференция аясында мұсылман және батыс әлемдері өз үлестерән қосқан тұрақты дамуды қамтамасыз ететін халықаралық қатынастар үйлесімін көрсететін шара шешімдерінің жүзеге асуына аса мән береді.

Тағы бір айта кететін жайт, аталмыш форум мақсаты өркениеттер, мәдениет және қауымдастықтар арасындағы сенімсіздіктің алдын алуда ұжымдық саяси құрамдарды топтастыру болып табылатын «Өркениеттер альянсын» дамытуда еліміздің қосқан үлесі болып табылмақ.

«Мұссылман әлемі және батыс» форматындағы бұл Диалог туралы бастамасын біздің еліміз 2006 жылы ұсынған болатын. Бұл ұсынысты елбасымен кездеулер барысында АҚШ, Ұлыбритания, Испания, Франция, ГФР және басқа да батыс елдері қолдаған болатын.

Мұсылмын әлемі болса, ірі мұсылман мемлекеттерімен бірге құрамында 57 мүше мемлекеттері бар Ислам Конференциясы Ұйымы да қолдау көрсетті. Нәтижесінде 2008 жылы ИКҰ 11 саммитінде және соңғы аталмыш ұйымның екі сыртқы істер министлерімен кездесуінде қорытынды құжаттар қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар