Аталған шара Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Ислам конференциясының қарсаңында өткізіліп отыр. Бұл байқаудың негізгі ұйымдастырушысы — «SalNur» әйелдерге арналған ислам журналы.
Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен он екі дизайнерлер қатысып, өз киім үлгілерін ұсынды. Мұсылман киімдерін қазақы, ұлттық нақышта әрі қазіргі заманға сай үйлесімде көрсету байқаудың негізгі шарты болып табылады. Қатысушылар күнделікті, спорттық, мерекелерге арналған мұсылман киімдерін қазақы бейнеде безендіріп, ел назарына ұсынды.
Байқаудың жеңімпаздарына бірінші, екінші, үшінші орындар мен екі номинация беріліп отыр.