«Бүгін Қауіпсіздік кеңесінің отырысында қаралған «Астана — есірткіден азат қала» атты бағдарламада қаладағы медициналық-әлеуметтік сауықтыру орталығының қаржылық базасын ұлғайту қарастырылған. Біз сол жерде наркологиялық диспансер салуды жоспарлап отырмыз»,- деді Ө.Шүкеев.
Қала әкімі Астанада есірткі тасымалдау арналары толық жабылатынын жеткізді. «Барлық 6 «Рубеж» бекеттерінде арнаулы блок-посттар жабдықталады. Бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен 2 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Қазір үкіметке бұл қаржыны бюджетке қамтуға тапсырма берілді»,- деді әкім.
«Жаңа медициналық орталықтың құрылысы жергілікті бюджеттен қаржыландырылады».
«Астана — есірткіден азат қала» бағдарламасы 2008-жылға дейін есептелген. «Осынау кешенді шаралар келісі жылдың өзінде қаланы есірткіден толығымен тазартып шығуда нақты нәтижеге жетуге мүмкіндік береді деп санаймын»,- деді әкім.
ІІМ Бауыржан Мұхамеджановтың ақпаратына сәйкес, қазір елімізде 54 мың адам нашақор ретінде тіркелген. Олардың басым бөлігі 14 пен 30 жас аралығындағы жастар. Соның ішінде 5 мыңы кәмелеттік жасқа жетпегендер. Бұл тек ресми статистикалық мәліметтер. Шын мәнінде бұл сан әлдеқайда жоғары»,- деді министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті