Астанада немересі мен атасы Есілдің суына батып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада немересі мен атасы Есілдің суына батып кетті

Астанада немересі мен атасы Есілдің суына батып кетті

Астанада немересі мен атасы Есілдің суына батып кетті. 60-ты алқымдаған қала тұрғыны суға кеткен немересін құтқарам деп өзі де ажал құшты.

  • 9 Қараша 2012
  • 547
Фото - Caravan.kz

9 жастағы Бейімбет досымен ойнап жүріп, мына қамыстың арасындағы суға түсіп кеткен. Күні кеше ғана жауған қардан соң бала шамасы су бетіндегі мұз қатты деп ойласа керек. Немересінің суға кеткенін естіген атасы да соңынан жүгіре шығыпты. Бірақ өзеннің мұзды суынан жүрегі тоқтап қалған. Өлі денені құтқарушылар Есілден ертеңінде бір-ақ тапты.


Мейрамбай Нарбаев, марқұмдардың туысы:

— Түнімен судың астында жатты деген не масқара енді, МЧС болып тұрып, соны шығара алмаса. Бұл ағын су емес, түскен жерінің бәрі білінеді ғой мысалы.

Соңғы жаңалықтар