Астанада "Нұр Отан" ХДП-ның жастар қанаты - "Жас Отанның" бірінші съезі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада "Нұр Отан" ХДП-ның жастар қанаты - "Жас Отанның" бірінші съезі басталды

Астанада "Нұр Отан" ХДП-ның жастар қанаты - "Жас Отанның" бірінші съезі басталды

Астана. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Нұр Отан" ХДП-ның жастар қанаты - "Жас Отанның" бірінші съезі басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 14 Мамыр 2008
  • 677
Фото - Caravan.kz

Съезге «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Әділбек Жақсыбеков, партия төрағасының орынбасары Сергей Громов, парламент депутаттары, еліміздің жастар ұйымдарының жетекшілері, шетелдердің жастар ұйымдарының өкілдері қатысуда.

Съез жұмысы қоғамдағы жастардың күшін біріктіруге, Қазақстан президентінің жолдауынан және оның «Нұр Отан» ХДП-ның саяси кеңесінде сөйлеген сөздерінен туындайтын мақсаттарды шешу жолдарын талқылауға бағытталады. Съезде «Жас Отан» жастар қанатының іс-әрекеттерінің стратегиясы бекітіледі деп күтілуде .

Құрылтай аясында партияның мамандар резервінің бағдарламасы таныстырылады. Делегаттар «Жас Отан» жастар қанатының жарғысын қабылдап, «Жас Отан» жастар қанатының орталық кеңесінің жаңа құрамын сайлайды.

Съезге 300 аса делегат қатысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті