Астанада Нұрғиса Тілендиев атындағы ІІІ музыкалық «Өз елім» фестивалі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Нұрғиса Тілендиев атындағы ІІІ музыкалық «Өз елім» фестивалі өтеді

Астанада Нұрғиса Тілендиев атындағы ІІІ музыкалық «Өз елім» фестивалі өтеді

Бүгін Астанада Халық қаһарманы, қазақтың атақты күйші-сазгері әрі композиторы Нұрғиса Тілендиев атындағы ІІІ музыкалық «Өз елім» фестивалі басталады.

  • 29 Наурыз 2013
  • 501
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Бәйтерек» халықаралық медиа-орталығынан хабарлады.

Бұл айтулы өнер додасына Қазақстанның барлық өңірлерінен 70-тен астам кәсіпқой домбырашылар, әншілер және дирижерлер қатысады.

Бас жүлде — 1 200 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық пен Астана қаласы әкімінің кубогы. Гран-при иесіне 800 000 теңге ақшалай сыйлық көзделген. Сондай-ақ бірінші орын алғандарға — 600 000 теңге, екінші орынға — 300 000 теңге, үшінші орынға — 150 000 теңге ақшалай сыйлықтар берілмек.

Қазақ ұлттық өнер университетінің концерт залында өтетін өнер мерекесі 1 сәуірге дейін жалғасады.

Перейти к новостям спорта