Астанада Нұрсұлтан Назарбаев туралы жаңа кітаптың тұсаукесері өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Нұрсұлтан Назарбаев туралы жаңа кітаптың тұсаукесері өтеді

Астанада Нұрсұлтан Назарбаев туралы жаңа кітаптың тұсаукесері өтеді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бітімгершілік рөлі туралы баяндайтын «Бітімгер» («Миротворец») кітабы 2 шілдеде Астанада таныстырылады.

  • 30 Маусым 2015
  • 428
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін «ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бейбіт бастамалары» семинарында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусинов мәлім етті.

А.Мусинов «Бітімгер» («Миротворец») кітабында Еуразиялық кеңістіктегі жаңа тарихтың беймәлім тұстары мен Елбасының бітімге келтіруші ретіндегі рөлі туралы жазылғанын айтты. 

Шара барысында А.Мусинов Президенттің 1992 жылы АӨСШК құру, Семейдегі ядролық полигонды жабу, ядролық қарудан бас тарту, «Атом» жобасын қосу бастамаларын атап өтті.
Еске сала кетейік, бүгін Астанада «ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бейбіт бастамалары» семинары өтіп жатыр. Шараны «Жібек жолы» әлемдік сыйлық қоры, Қазақстандағы ҚХР елшілігі және «Бейбітшілік үшін» халықаралық суретшілер одағы ұйымдастырды. 
Шараның басты міндеті — Н.Назарбаевтың бейбіт бастамаларын зерттеу, Орталық Азияда бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдауды қамтамасыз ету, сонымен қатар Қазақстан мен Қытай арасында стратегиялық серіктестікті нығайту.


Перейти к новостям спорта