Астанада опера және балет өнерінің халықаралық фестивалі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.96
  • 533.03
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада опера және балет өнерінің халықаралық фестивалі өтеді

Астанада опера және балет өнерінің халықаралық фестивалі өтеді

АСТАНА. 29-маусым. Kazakhstan Today. Астанада шілденің 1 мен 6 аралығында опера және балет өнерінің “Опералия” деп аталатын халықаралық фестивалі өтеді. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының директоры Төлеубек Әлпиев құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 29 Маусым 2006
  • 582
Фото - Caravan.kz

“Осындай фестиваль өткізу дүниежүзілік музыка қоғамдастығының назарын Қазақстан Елордасына тартуға септігін тигізеді”,- деді Т.Әлпиев.

Оның айтуынша, “фестивальға атақты опера солистері қатысады. Атап айтсақ, Ресейден Дмитрий Хворостовский, АҚШ-тан Андреа Бейкер, Мексикадан Хуэль Монтеро, Түркиядан Эрдем Байдар келеді».

Сонымен бірге фестиваль аясында Джакомо Пуччинидің «Тоска» операсының мен Англия сазгері Карл Дженкинстің “Тлеп” атты вокалды-инструменталдық шығармасының премьерасы өтеді.