Астанада орган мен вокалдық музыкалар қоса орындалған ерекше концерт өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада орган мен вокалдық музыкалар қоса орындалған ерекше концерт өтті

Астанада орган мен вокалдық музыкалар қоса орындалған ерекше концерт өтті

Кеше, Астанадағы Өнер академиясында орган мен вокалдық музыкалар қоса орындалған ерекше концерт өтті.

  • 1 Қазан 2010
  • 703
Фото - Caravan.kz

Солистер — халықаралық байқаулардың лауреаттары Гүлнәр Ерғалиева (сопрано) мен Венера Сейтбатталова (орган).

Концерт барысында Бахтың әлемге танымал Аве Мариясы, сондай-ақ Гуноның, Шуберт, Люцци, Беллинидің ариялары мен Масканьи мен Гендальдің туындылары орындалды. Кеш қонағы — Болгария әншісі Лама.

Г.Ерғалиева Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы консерваторияның аға оқытушысы, В.Сейтбатталова оның әріптесі. Олардың алғашқы концерттері үстіміздегі жылдың көктемінде Алматы консерваториясының орган залында өтті.

Журналистерге берген сұхбатында Г.Ерғалиева, әріптесімен жеке концерттерін бергенді ұнататынын айтты. Бұдан кейінгі жоспарларында өнерлерімен орган музыкасы ертеден танымал болған Ресейді, одан кейін Еуропаны тәнті ету бар.

«Бұл өте сирек концерттер (орган мен вокалдың қоса орындалуы), орган мен вокалдың өте сирек ансамблі. Біз бұл сирек музыканы Қазақстан да жетік меңгергендігін көрсеткіміз келеді», — дейді ол.

Г.Ерғалиеваның пікірінше, қазақ халқына ән айту табиғатынан берілген дарын. «Менің ойымша, Қазақстан операсының болашағы бар және де Қазақстан Еуропадан бұл салада кенжелеп келеді деген пікірмен келіспеймін. Олардан тіпті бір адым алда келе жатырмыз десем де болады. Себебі, мен Еуропада көптеген концерттерде болдым. Оларда вокалистер біздікілермен салыстырғанда әлсіздеу», — деді.

Г.Ерғалиева, ҚР халық әртістері Рахима Жұматұрова мен Нәдия Шәріпованың оқушысы. Кәсіби шеберлігін шыңдауға әлемнің ең үздік 10 әншісінің қатарына кіретін Елена Образцова қолғабыс етті.