Астанада өрт кезінде бала қазаға ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада өрт кезінде бала қазаға ұшырады

Астанада өрт кезінде бала қазаға ұшырады

Астанада өрт кезінде бала қазаға ұшырады, деп хабарлады елордалық ТЖД баспасөз қызметі.

  • 6 Қазан 2015
  • 661
Фото - Caravan.kz

«6 қазанда 14 сағат 08 минутта Ә.Молдағұлова көшесі, 27Г үйде орналасқан жатақханада өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер бөлімдері оқиға орнына үш минуттан кейін жетті. Үйдегі жиһаздар, төбесі жанып жатқаны анықталды», — делінген хабарламада.

Өрт сөндіру барысында баланың денесі табылды, оның кім екені анықталуда.

Автобаспалдақ арқылы 10 адам, соның ішінде балалар құтқарылды. 4 ересек адам және 2 бала ауруханаға жеткізілді. Өрт аумағы 50 шаршы метр жерді шарпыды. Жалынды сөндіруге 6 бірлік негізгі және 3 арнайы техника, жеке құрамның 30 адамы жұмылдырылды. Өрттің себебі және материалдық шығын көлемі анықталуда.


Соңғы жаңалықтар