Астанада Орталық Азиядағы мұнай өнімдерінің нарығына арналған ІІІ халықаралық көрме-конференция өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Орталық Азиядағы мұнай өнімдерінің нарығына арналған ІІІ халықаралық көрме-конференция өтеді

Астанада Орталық Азиядағы мұнай өнімдерінің нарығына арналған ІІІ халықаралық көрме-конференция өтеді

2012 жылдың 15-16 қарашасында Астана қаласында Rixos President қонақүйінде «Орталық Азия мұнай өнімдерінің нарығы: даму үрдісі, технологиялар, ЖМҚС және мұнай базалары үшін жабдықтар» ІІІ халықаралық көрме-конференциясы өтеді.

  • 8 Қараша 2012
  • 358
Фото - Caravan.kz

Іс-шараның ұйымдастырушылары — еліміздің ұлттық отын операторы «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ және «Современная АЗС» халықаралық журналы. Іс-шара Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің ресми қолдауымен өтеді.

Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Мұнай және газ министрлігі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, ҚР Көлік министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі, ҚР Мемстандарты, ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті және т.б. да мемлекеттік органдар өкілдері баяндама жасайды деп күтілуде.

Бүгінгі күні Ортаазиялық өңір мемлекеттерінде мұнай өнімдерін жеткізумен, олардың құнымен, сапасымен және мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету саласы қызметінің заңнамалық аспектілерімен белгілі бір деңгейде қиыншылықтар бар. Сонымен қатар, жаңа техникалық регламентті әзірлеу, Кеден одағы аясында компаниялардың қызметі аспектілеріне байланысты көптеген мәселелер туындайды. Жоспарланып отырған конференция нарықта орын алып отырған көптеген келелі мәселелерді көтеруге, бизнес пен мемлекеттік қызметтер арасында диалог құруға көмек көрсетуге, сондай-ақ өркениетті мұнай өнімдері нарығының тиімді және ашық жүйесін жасауға кедергі келтіретін барынша даулы аспектілерді айқындауға мүмкіндік бермек.

Конференция аясында Қазақстанның және Ортаазиялық өңірдегі басқа елдерінің мұнай өнімдері салаларына тән күнделікті проблемаларды шешуді іздестіру үшін ірі отын компаниялары жабдықтау бөлімшелерінің, отын қауымдастықтары, трейдерлердің басшылары, ЖМҚС тәуелсіз желісінің иелері, техникалық мамандар, бейіндік жабдық жеткізушілері, сондай-ақ МӨЗ, жобалау ұйымдарының және бақылаушы органдарының өкілдері жиналады.

Конференция шеңберінде өтетін кіші көрмеде қатысушылар жаңа техникалық әзірленімдер мен ЖМҚС және мұнай базалары үшін бағдарламалық өнімдермен таныса алады, консультанттар мүдделі жабдықтардың бәсекелестік артықшылықтарын талқылайды.

Соңғы жаңалықтар