Астанада отандық оториноларинголог-дәрігерлер әлемнің жетекші ғалымдармен бірлесіп, алқалы кеңес өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада отандық оториноларинголог-дәрігерлер әлемнің жетекші ғалымдармен бірлесіп, алқалы кеңес өткізді

Астанада отандық оториноларинголог-дәрігерлер әлемнің жетекші ғалымдармен бірлесіп, алқалы кеңес өткізді

Бүгін Астанада ҚР оториноларингологтарының I съезі өз жұмысын бастады.

  • 9 Маусым 2011
  • 476
Фото - Caravan.kz

Аталған съезге республиканың барлық өңірлерінен 200-ден астам оториноларинголог-дәрігер, сонымен қатар АҚШ, Франция, Германия, Польша, Оңтүстік Корея, Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен оториноларингология саласының жетекші ғалымдары мен әлемдік деңгейдегі дәрігерлері келді. Сондай-ақ екі күнге жалғасатын шараға Дүниежүзілік оториноларингологтар қауымдастығының президенті Чонг Сан Ким де қатысып, аудитория алдында баяндама оқиды.

Съез барысында дәрігерлер әлемнің жетекші клиникаларының жұмыс тәжірибесімен танысып, оториноларингология сырқаттарын емдеу және оңалтудың жаңа инновациялық тәсілдері, халықаралық деңгейдегі мамандарды даярлау мәселелерін талқылауда.

Шара аясында халықаралық симпозиумдар жасалды және Германияның Лейпциг клиникасымен арада отохирургия бойынша телекөпір ұйымдастырылды. Қазақстанның түкпір-түкпір аудандарынан келген ғалымдар тікелей трансляция арқылы неміс мамандарының операцияларын көріп, олардың ең заманауи жаңашыл тәжірибелерін жинақтауға мүмкіншілік алды.

«Оториноларингология өте күрделі мәселе, әсіресе кейінгі кезде құлақ, мұрын және тамақ аурулары Қазақстанда өршіп тұрған тұсында өте өзекті болып отыр. Балалар арасында құлақтың нашар естуі өте жиі ұшырасады. Осыдан 4-5 жыл бұрын олар отаны шет мемлекеттерде 35-40 мың еуроға жасатуға мәжбүр болатын. Енді Елбасымыз қажетті жағдай туғызғаннан кейін, ондай мүмкіншілік өзімізде де бар. Бірнеше жыл болды оларға операцияны Қазақстанда жасап жүрміз», — дейді медицина ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, Кембридж университетінің құрметті профессоры Райс Төлебаев.

«Съезд жиі болып тұратын шара емес, шамамен 4-5 жылда бір рет өтіп тұрады. Сондықтан осындай жиындарда тар шеңбердегі ғалымдар осы уақыт аралығында жинақтаған тәжірибелері мен емдеудің инновациялық тәсілдерімен бөлісуге тырысады. Мәскеу ғалымдары нашар еститін жандарға инновациялық технологиялар арқылы операция жасау бойынша қазақ дәрігерлерімен 5 жылдан астам уақыт тәжірибе алмасып келеді. Үлкен нәтижелерден де кенде емеспіз. Бүгінгі шарада ықпалдастығымызды одан әрі күшейтуге жол ашылды», — дейді Бүкілресейлік аудиология және естуді протездеу ғылыми-зерттеу институтының директоры, Халықаралық оториноларингология академиясының президенті Георгий Таварткиладзе.