Астанада отандық қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада отандық қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі өтеді

Астанада отандық қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі өтеді

Ағымдағы сәуір айының 29-ы күні ҚР Президенттік мәдениет орталығында Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай отандық қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі ашылады.

  • 25 Сәуiр 2011
  • 667
Фото - Caravan.kz

Төрт күнге жалғасатын көрменің ұйымдастырушылары — ҚР Президенттік мәдениет орталығы және «Шеберлер ауылы» шеберлер қауымдастығы.

Сан ғасырлық тарихы бар қолданбалы өнер ұлттық мәдениеттің көрсеткіші, қазіргі заманғы өнердің бірқатар бағыттары үшін қайнар көз. Әр шебер өзінің бұйымында өткен ұрпақтың қалыптастырған әдіс-тәсілдерін қатаң сақтап қана қоймай, оны заманауи талаптарға сай жаңаша жасайды. Осындай үйлесімділіктің нәтижесінде әсем табиғатты, бай тарихи мұраны бейнелейтін өнер туындысын тамашалауға болады.

Көрмеге келушілердің назарына Амангелді Мұқажанов, Серікқали Көкенов, Кәлімхан Рахметбайқызы, Лилия Ким, Мирлан Мамбетақұнов және басқа да шеберлердің киізден, табиғи тастардан жасалған, ағаштан ойылған бұйымдары мен кәдесыйлары, сонымен қатар қазақтың зергерлік заттары, әзірбайжандық кілемдер мен өзбек кестесі ұсынылады.

Аталған іс-шара еліміздегі қолөнер шеберлерінің шығармашылық байланысын нығайтып, әр халықтың ұлттық мұрасын, қайталанбас мәдениетін дамытуды мақсат етеді. Қазақстан Республикасының көп ұлтты халқының шеберлері ұсынатын түрлі қолөнер өнімдері елорда тұрғындары мен шетелдік қонақтардың үлкен қызығушылықтарын туғызатындығына шүбә жоқ.

Іс-шараға елорданың тұрғындары мен қонақтары, сонымен қатар ҚР Мәдениет министрлігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы, халықаралық мәдени орталықтар, елшіліктер шақырылып отыр.

Перейти к новостям спорта