Астанада отбасын құрғысы келетін жастарға жол сілтейтін мектеп ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада отбасын құрғысы келетін жастарға жол сілтейтін мектеп ашылды

Астанада отбасын құрғысы келетін жастарға жол сілтейтін мектеп ашылды

Сержан мен Нарғыздың танысып, табысқандарына алты айдан асыпты. Көңілдері жарасқан жұп заңды түрде ерлі-зайыпты атану үшін Сарыарқа аудандық АХАЖ бөліміне өтініш те жазып қойған. Болашақта босағасының берік болуын армандаған қос ғашық бүгін қол ұстасып отбасылық тәрбие тренингіне келді.

  • 30 Қараша 2012
  • 388
Фото - Caravan.kz

Сержан Ешбердиев, Нарғыз Сералиева, тренингке қатысушы жұп:

— Қазір көп жастар некеге тұрмай, түсінбей, білмей, жастай тұрмысқа шығып кетеді. Соның ақыры осындай ажырасуға әкеліп соғады. Осындай тренингке келіп қатысқан дұрыс деп ойлаймын, сабақ аласын, тәрбие аласын.

Тәрбиелік тренингке келген жас жұбайлар алдымен психологиялық тесттен өтті. Алғашқы тәсіл-«қуыршақ терапиясы» деп аталады. Мұнда әр жұп қағаз майлықтан қуыршақ жасап, оған сипаттама беруі тиіс. Қуыршақ арқылы екі жұптың ішкі болмысын тануға болады екен. Мәселен, Сержанның қолындағы қуыршаққа қарап оның сүйіктісі Нарғызды алақанымда аяласам деп армандайтынын аңғарды психологтар.


Айнұр Өмірова, психолог:

Некеге тұрмаған жастармен жұмыс жасап жатырмыз. Бізде минилекциялар бар жасжұбайлармен, оның бәрі отбасы тәрбиелеу туралы. Гинограмма, артерапия, сказкатерапия, куклотерапия деген  методикалар бар.

Егер статистикалық мәліметтерге сүйенсек, биыл республика бойынша 105 мыңнан астам жұп некеге тұрған. Өкінішке қарай, оның 32 мыңнан астамы ажырасу туралы арыз жазып та үлгеріпті. Дәм-тұзы жараспай екі жаққа кеткендер қатары өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға артқан. Отбасы тәрбиесі жобасының басты мақсаты да күн санап асқынып бара жатқан ажырасудың санын сейілту.