Астанада өтетін діндердің кезекті съезінің тақырыбы бейбітшілік пен келісімге арналмақ
Астанада 2012 жылы мамырда өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV съезінің тақырыбы "Адамзаттың таңдауы бейбітшілік пен келісім" деп аталады. |
Бұл шешім Астанада өткен съезд хатшылығының X отырысының нәтижелері бойынша таралған хаттамасында көрсетілген.
Хатшылық секциялық отырыстардың тақырыптары ретінде мыналарды белгіледі: тұрақты дамуға қол жеткізудегі діни лидерлердің рөлі; дін және мультикультурализм; дін және әйел: рухани құндылықтар және қазіргі қауіп-қатерлер; дін және жастар.
Аталмыш съезд дәстүрлі түрде үш жылда бір рет Астанада өткізіледі.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін