Астанада өтетін дүниежүзілік дәстүрлі-ұлттық діндер құрылтайына әртүрлі конфессия өкілдерінен 24-тен астам делегация шақырылған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада өтетін дүниежүзілік дәстүрлі-ұлттық діндер құрылтайына әртүрлі конфессия өкілдерінен 24-тен астам делегация шақырылған

Астанада өтетін дүниежүзілік дәстүрлі-ұлттық діндер құрылтайына әртүрлі конфессия өкілдерінен 24-тен астам делегация шақырылған

Қыркүйектің 23-24 жұлдызында Астанада өтетін дүниежүзілік дәстүрлі-ұлттық діндер құрылтайына Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Америка құрлығындағы әртүрлі конфессия өкілдерінен 24-тен астам делегация шақырылған. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметінен таратқан хабарламада айтылған.

  • 1 Тамыз 2003
  • 749
Фото - Caravan.kz

Қазіргі жағдаймен барлық дүниежүзілік діндер мен жетекші конфессиялардың басшылары сьезге қатысуға ниет білдіріп отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, сьездің басты мақсаты- конфессиялар арасында қарым-қатынас, диалог орнату болып табылады. Өз аумағында 40-тан астам конфессияға қарасты 3 мыңнан астам діни бірлестіктердің бейбіт қатар өмір сүруіне жағдай жасап отырған Қазақстанның бұл мақсатқа артықша сәйкестігі дау туғызбаса керек.
Құрылтайға қатысушылар дүниежүзілік діндердің күш-жігерін әртүрлі қайшылықтарды бейбіт жолмен шешуге жұмылдыру, өркениеттік дағдарыстарды жеңу тәрізді өткір мәселелерді талқылауды жоспарлаған.
Шара аясында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сьезге қатысушы құрметті меймандармен, дүниежүзілік діндердің жетекшілерімен кездесуі межеленген.
Сьез соңында делегация жетекшілері рухани бейбітшілік пен бірлік үшін бірлесіп дұға оқиды. Бас қосу қорытындысы бойынша дінаралық декларация қабылдау көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар