Астанада өтіп жатқан халықаралық велошеруде оқыс жағдай болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада өтіп жатқан халықаралық велошеруде оқыс жағдай болды

Астанада өтіп жатқан халықаралық велошеруде оқыс жағдай болды

Астанада өтіп жатқан жастар арасындағы халықаралық велошеруде де оқыс жағдай болды. Соңғы айналымда италиялық спортшы велосипедтен құлап, артында келе жатқандар да жаппай жығылған.

  • 25 Тамыз 2015
  • 348
Фото - Caravan.kz

Дәл осы кезде түрлі елден келген 20 спортшы сайысқа түсіп жатқан екен.

Түрлі дене жарақатын алған олардың барлығына сол жерде медициналық жәрдем көрсетілді. Ал малайзиялық спортшы оңбай жараланды. Аяқ-қолын сындырған оны жаттықтырушылары бірден алып кетті. Қалғандары жарысты соңына дейін аяқтап, австралиялық велошабандоз үздік деп танылды. Еліміздің спортшылары болса 5 орынды қанағат тұтыпты.

Жетес Сүлейменов, жаттықтырушы:

— Бұл қауіпті спорт түрі. Құлап жарақат алу онда міндетті түрде болады. Оның үстіне бұл жастар арасындағы жарыс. Олар бірден алдыға шықсам деп қатты жүреді. Сол үшін құлап жатады. 

 

 

Соңғы жаңалықтар