Дәл осы кезде түрлі елден келген 20 спортшы сайысқа түсіп жатқан екен.
Түрлі дене жарақатын алған олардың барлығына сол жерде медициналық жәрдем көрсетілді. Ал малайзиялық спортшы оңбай жараланды. Аяқ-қолын сындырған оны жаттықтырушылары бірден алып кетті. Қалғандары жарысты соңына дейін аяқтап, австралиялық велошабандоз үздік деп танылды. Еліміздің спортшылары болса 5 орынды қанағат тұтыпты.
Жетес Сүлейменов, жаттықтырушы:
- Бұл қауіпті спорт түрі. Құлап жарақат алу онда міндетті түрде болады. Оның үстіне бұл жастар арасындағы жарыс. Олар бірден алдыға шықсам деп қатты жүреді. Сол үшін құлап жатады.
Loading...