Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Бүгін, 20-ақпанда Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды. Онда "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына енгізілетін түзетулер екінші оқылымда қаралады. Сондай-ақ, "Спиртті өнімдер мен этил спиртінің айналымы және өндірісін мемлекеттік реттеу мәселесіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі " заңның жекелеген баптарына Елбасы қойған вето туралы талқыланады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Ақпан 2004
  • 399
Фото - Caravan.kz

Отырысқа сенаттың 33 депутаты мен мәжілістің 70 депутаты қатысып отыр. «Қажетті кворум қалыптасты»,- деді отырысты ашқан ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбай.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Спиртті өнімдер мен этил спиртінің айналымы және өндірісін мемлекеттік реттеу мәселесіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі » заңды парламент 2003-жылдың 25-желтоқсанында қабылдаған. 20-қаңтарда Елбасы бұл заң бойынша парламентке қарсылық білдірді. Елбасының ветосы заңның екі нормасына қатысты болып отыр. Бірінші норма бойынша аймақтық есеп-бақылау нормасы деп аталатын тәртіп енгізілсе, екінші нормамен спиртті өнімдерді аймақтық маркасыз сатуға тыйым салынады.
«Қазақстан секілді унитарлық мемлекетте мұндай шара тауарлар және қызмет түрлерінің еркін қозғалысы мен айналымы жүзеге асырылатын біртұтас нарықтық кеңістіктің бұзылуына апарып соғады»,- делінген Елбасының ветосында.
Мемлекет басшысының пайымдауынша, заңның бұл нормасы «ҚР ұлттық қауіпсіздігі туралы» заңның 18-бабы, 4-тармағына қайшы келеді.

Соңғы жаңалықтар