Отырысқа сенаттың 34, мәжілістің 60 депутаты қатысып отыр. «Қажетті кворум қалыптасты»,- деп мәлімдеді отырысты ашқан мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбай.
Отырыста «Электр энергетикасы туралы» заңға енгізілетін толықтырулар туралы» заң жобасы бойынша Қазақстан президентінің қарсылығы қаралады. Сондай-ақ, парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында депутаттар ҚР Конституциялық кеңесінің «Қазақстандағы конституциялық заңдылықтың сақталуы туралы» жолдауын тыңдап, парламент депутаттарының іссапарға шығу тәртіптеріне толықтырулар енгізу мәселесін қарайды деп күтілуде.