Отырысқа сенатың 33, мәжілістің 61 депутаты қатысып отыр. «Қажетті кворум қалыптасты» ,- деді парламент палаталарының бірлескен отырысын ашқан мәжіліс спикері Жармахан Тұяқбай.
Отырыс барысында халық қалаулылары үш түрлі мәселе талқыламақшы. Біріншісі, «Сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер енгізу мерзімі туралы, екіншісі — кейбір Конституциялық заңдарға мемлекеттік басқару деңгейлері мен бюджеттік қарым-қатынастар арасындағы құзырет аясын шектеу мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтрыулар енгізу мерзіміне қатысты мәселелер. Отырыста талқыланатын үшінші мәселе — үкімет пен республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі есеп комитетінің 2003-жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебін тыңдау болмақ.