Отырысқа мәжілістің 69, сенаттың 32 депутаты қатысып отыр. «Қажетті кворум қалыптасты»,- деді отырысты ашқан мәжіліс спикері Орал Мұхамеджанов.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық заңына енгізілетін түзетулерді сенат пен мәжілісте алғашқы оқылымда қарау мерзімі анықталады.