Отырысқа мәжілістің 64 депутаты мен сенаттың 37 депутаты қатысып отыр.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қазір «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы» үш бірдей заң жобасы парламент қарауына тапсырылған. Олардың екеуі парламенттегі депутаттар тобының атынан ұсынылса, үшіншісін үкімет ұсынып отыр.