Астанада пәтер тонаумен айналысып жүрген қылмыстық топ ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада пәтер тонаумен айналысып жүрген қылмыстық топ ұсталды

Астанада пәтер тонаумен айналысып жүрген қылмыстық топ ұсталды

Астана қалалық тәртіп сақшылары елордада пәтер тонаумен айналысып жүрген 3 адамнан тұратын топты ұстады.

  • 31 Мамыр 2011
  • 303
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

23 мамыр күні 1978 жылы туылған Н. атты азаматша ішкі істер органдарына хабарласып, белгісіз біреулердің есіктің құлпын бұзып, пәтерге кіріп, құнды заттарды алып кеткендігін айтқан. Осыған байланысты арнайы жүргізілген жедел-іздестіру шарасының барысында Астана қаласы мен Қарағанды және Ақмола облыстарының 1974, 1982, 1983 жылы туылған үш азаматы қолға түсті. Олардың барлығы бұрын сотталған болып шықты. Ұрылар қаладағы пәтерлердің есіктерінің құлпын бұзу арқылы құнды заттарды алып кетіп отырған. Негізінен алтын бұйымдар мен ноутбук, тұрмыстық техника, фотоаппарат сияқты заттарды ұрлайтын болған.

Соңғы жаңалықтар