Астанада пәтерде ит-мысық асырау үшін көршіден рұқсат алу керек - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада пәтерде ит-мысық асырау үшін көршіден рұқсат алу керек

Астанада пәтерде ит-мысық асырау үшін көршіден рұқсат алу керек

Көршіңнің көңілін тап! Астанада пәтерде ит-мысық ұстаудың жаңа ережесі бекітілгелі жатыр. Бұдан- былай үйде жануар асырау үшін алдымен көршінің рұқсаты керек.

  • 29 Қыркүйек 2015
  • 340
Фото - Caravan.kz

Жаңа ережені елордалық ветеринарлар ұсынды. Егер құжат күшіне енсе, көршілердің рұқсатымен әр отбасы бір ит пен екі мысық асырай алады. Жер үйде тұратындар гигиеналық талапқа сай үш ит бағуына болады. Ал, көпқабатты баспанадан ит-мысық асырайтын орталық ашуға мүлдем тыйым салынбақ. Сондай-ақ, Астана маңындағы ықшамаудандар үшін мал ұстаудың да талабы өзгеріп отыр. Өйткені, қорадағы қой-ешкі мен сиырдың иесіне шағымданып арыз жазатын көршілер көбейіп кетіпті. Сондықтан енді әр үйге  үш ірі қара мен 20 ұсақ мал ұстауға рұқсат етілмек. Әрі төрт түлік тегіс тіркеуден өтуі тиіс. Ал, талапты бұзғандар қатаң жазаланады дейді мамандар. 

Серік Жақсыбаев, «Астана ветеринарлық қызмет» МКҚ жетекшісі:

-Бұл ереженің басты талабы  – тұрғындар үй жануарларын бізге келіп немесе ветеринарлық клиникаларға тіркеу керек. Сонда ит-мысықтың иесі жауапкершілікті сезінеді. Егер тұрғындар  талаптарды бұзса, әкімшілік жаза қолданады және 20 мың теңгеден астам айыппұл салынады.

Соңғы жаңалықтар