Астанада полицейлер алаяққа көмектесетін делдалдарды анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада полицейлер алаяққа көмектесетін делдалдарды анықтады

Астанада полицейлер алаяққа көмектесетін делдалдарды анықтады

 

  • 25 Мамыр 2023
  • 6
Фото - Caravan.kz

Астана полицейлері алаяққа көмектесетіндердің (қылмыстық схемадағы делдал) жұмысын видеоға түсіріп, зейнеткердің алдануына жол бермеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қалалық ІІД киберқылмыспен күресушілер қазақстандықтарды қорғау мақсатында дроппер, яғни халықтың ақшасын алаяқтықпен жымқыратын делдалдардың жұмысына әлеуметтік тәжірибе жүргізді.

Ведомствоның мәліметінше, күн сайын Астананың ондаған тұрғыны алаяқтардың құрығына түседі. Оның көбі — зейнеткерлер.

Жергілікті тұрғынның өзі Telegram-арна арқылы оңай жұмыс тауып, алданып қалған. Дроппер болып жұмыс істеді. Мұндай қызметі үшін ол жалпы соманың 10 пайызын алды. Бір жұмысы үшін ол кем дегенде 200 доллар табатын.

"Мен Саян есімді қолданушыға хабарластым. Ол маған курьер болып жұмыс істеп, ақшаны алып оны басқа жерге тасымалдау керегін айтты. Сосын оған банк картасын жіберемін. Ол сол жерге шоттар мен мекенжайларын жібереді", — дейді ер адам.

Ол телефон арқылы қосымша нұсқаулар алынып, делдал төлем картасын ашқан. Жігіт жұмыс берушіге құжаттарын толық тапсырған.

"Маған барлығын заңды деп түсіндірді. Ақша жай ғана аударылады, олар маған ақшаны жібереді, мен Forte банкоматы арқылы төлеймін", — деп түсіндірді жігіт.

Тағы бір тапсырыс, жас жігіт зейнеткердің пәтеріне келді. Ештеңеден күдіктенбеген қарт әйел оған 1 300 000 теңге берген.

"Алаяқтық жолмен алынған ақшаны дроппер жұмыс берушінің картасына салуға мәжбүр болды. Мұндай нұсқаулықтар беретін алаяқтар алыс жерде орналасқан. Оларды тауып, жазалау мүмкін емес", — дейді бейнежазбада.


Астана тұрғындары қалыптасқан схема бойынша алаяқтардың құрбаны болып жатыр. Жәбірленушінің үйіне қоңырау шалып, оның туысы, досы жол-көлік оқиғасына кінәлі екендігі туралы хабарлайды. Жазадан құтылу үшін шұғыл ақша қажет екендігін ескертеді.

"Олар маған телефон соғып, досымның апатқа ұшырағанын, апатқа оның өзі кінәлі екенін айтты. Ол ауруханада жатыр. 2-5 күннен кейін шығады. Бірақ өзара келісімге келу үшін ақша керегін айтты", — деді алаяқ құрбаны болған зейнеткер.

Полицейлер заңды білмеу қылмыстық жауапкершіліктен босатпайтынын еске салады.

"Іс-әрекетіме өкінемін, себебі полицейлер менің жасаған бұл әрекеттерім заңсыз деп түсіндірді. Жастардың мұндай жұмыс үшін пара бермеуін сұраймын", — дейді дроппер болып жұмыс істеген астаналық.

Полиция делдалдың жолын кесіп, оның барлық әрекеттерін бақылауға алғандықтан, ақша қарт әйелге қайтарылды.

"Бұл белгілі болған жағдай. Көбінесе алаяқтықтың құрбандары маңдай терімен тапқан бар ақшаларынан айырылып жатады", — деп түйіндеді бейнежазбада.

Соңғы жаңалықтар