Астанада полицейлер көші-қон заңнамасын бұзғандарды жауапқа тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 495.1
  • 583.72
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада полицейлер көші-қон заңнамасын бұзғандарды жауапқа тартты

Астанада полицейлер көші-қон заңнамасын бұзғандарды жауапқа тартты

Екі күн ішінде шамамен 40-қа жуық құқық бұзушылық тіркелді

  • 24 Қараша 2025
  • 6
Фото - Caravan.kz

Астанада полицейлер көші-қон заңнамасын бұзғандарды жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz

. «Қылмысты тоқтату» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер көші-қон қызметі жедел бөлімшелермен бірлесіп қоғамдық тамақтану орындарында, базарларда, көлік жуу бекеттерінде және жолаушылар тасымалы саласында рейдтер жүргізуде. Іс-шараның мақсаты – көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау . Екі күн ішінде шамамен 40-қа жуық құқық бұзушылық тіркелді: елде болу мерзімі аяқталғаннан кейін уақтылы шықпау, визада көрсетілген мақсатқа сай келмейтін қызметпен айналысу, сондай-ақ рұқсатсыз жұмыс істеу деректері анықталды. Мәселен, жолаушыларды арнайы рұқсатсыз тасымалдаған 32 жастағы шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осындай құқық бұзушылықтар такси жүргізушілері, сондай-ақ көлік жуу бекеттері мен базарларда жұмыс істейтіндердің арасында да анықталды. Анықталған барлық фактілер бойынша заң аясында шаралар қабылданды. Көші-қон полициясы шетелдік азаматтар мен жұмыс берушілерге көші-қон заңнамасының талаптарын түсіндіріп, ел аумағында заңды болу және еңбек қызметін жүзеге асыру тәртібі туралы ақпарат беруде. Мұндай іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қаладағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.