Аталған видео Telegram-арнасындағы парақшалардың бірінде пайда болды. Онда автобус жүргізушісінің "порно" мазмұндағы бейнежазба көріп отырғанын байқауға болады. Онда:
"Бұл кеше кешке, 47 автобуста болған оқиға, деп жазды біздің оқырман", — деп жазылған.
Желі қолданушылары автобус жүргізушісінің бұл әрекетін сынға алған. Олар:
"Осылай видео көріп отырып, апатты жағдай орын алса, кім кінәлі болады екен?", "Ұят-ай, адамдарға сенбейтін заман болды ғой", "Осыны видеоға түсіріп, сіздерге жіберіп отырған адам да ұят жоқ", "Бастысы жолаушыларды діттеген жеріне аман-есен жеткізсе болды емес пе, басқасында шаруамыз қанша" деп жазды олар.
Аталған мәселеге байланысты CTS компаниясына хабарласқанымызда, ондағылар оқиғаның мән-жайын анықтап жатқандығын атап өтті. Ал, кейінірек компания көлік жүргізушісін тапқандығын әрі оны тәртіптік кеңеске салғанын мәлім етті.
Сонымен бірге оқиға 47 автобуста емес, 53 автобуста орын алғаны белгілі болды.