Астанада православиелік рухани орталық ашу жоспарланған - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада  православиелік рухани  орталық ашу жоспарланған

Астанада православиелік рухани орталық ашу жоспарланған

Қазақстандағы орыс православиелік шіркеуі Астанада рухани орталық ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Астана және Алматы метрополиті Мефодий мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Қаңтар 2005
  • 497
Фото - Caravan.kz

Метрополиттің пікірінше, Астанада бүгінге дейін бір ғана ескі шіркеу — бұрынғы казактардың храмы ғана жұмыс істеп келгендіктен, жаңа православиелік собор салу қажет. «Бұл шіркеуге қазір 150 жыл болды. Ғимараты ескі әрі тар»,- деді ол.

Жаңа шіркеуді салу үшін шешілмей тұрған жалғыз нәрсе — құрылысқа арналған жер мәселесі болмақ. «Қалалық сәулет қызметі бізге не қала сыртынан, не болмаса қала аудандарының біріндегі көп қабатты тұрғын үйлер маңынан жер ұсынып отыр»,- деді шіркеу дінбасы.
Оның айтуынша, қалалық билік пен шіркеу өкілдері қазір өзара пәтуалы шешімді іздестіруде. Метрополиттің айтуынша, Астанадағы шіркеу құрылысы таяу уақыттарда қолға алынады.

Перейти к новостям спорта