Астанада «Президент және мемлекеттік тіл» кітабының тұсаукесері өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Президент және мемлекеттік тіл» кітабының тұсаукесері өтеді

Астанада «Президент және мемлекеттік тіл» кітабының тұсаукесері өтеді

Сәрсенбі күні Астанада Ұлттық баспасөз орталығында «Президент және мемлекеттік тіл» кітабының тұсаукесері өтеді.

  • 28 Маусым 2011
  • 561
Фото - Caravan.kz

«Президенттің мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған жаңа жобасы – «Президент және мемлекеттік тіл» жинағын таныстырады», — делінген қордың сейсенбі күні таратқан алдын ала ақпаратында.

Кітап қордың, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының бірлескен еңбегінің нәтижесі болып табылады. Ол «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қолдауымен 2 мың дана таралыммен басып шығарылды.

Кітап қазақ тілінің тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тілі ретінде орнығуына және Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік тіл саясатын жүргізудегі роліне арналған.

Соңғы жаңалықтар