Астанада қайтыс болған жүкті әйелдің күйеуі Біртановтан көмек сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада қайтыс болған жүкті әйелдің күйеуі Біртановтан көмек сұрады

Астанада қайтыс болған жүкті әйелдің күйеуі Біртановтан көмек сұрады

Астанадағы №1 перинаталдық орталықта әйелінен айырылған ер адам мемлекеттен шетелдік мамандарды алып келуге көмек көрсетуді және жаңа туған нәрестелерді құтқаруға көмек сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • 27 Маусым 2018
  • 47
Фото - Caravan.kz

"Мен 20 маусымда әйелім босанған кезінде болдым. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен байланысқым келеді. Мен балалар үшін көмек қолдарыңызды созуыңызды сұраймын. Біз мықты мемлекетпіз, басқа елдерден дәрігерлер шақыруға қауқарымыз бар. Мүмкіндіктер болса қолданыңыз, себебі келесі жоғалту бізге ауыр тиеді. Жансақтау бөлмесінде жатқан сәби — менің үмітім. Мен оны жоғалтып алмауға тиіспін. Ол менің қызым және мен онымен күнде біргемін. Бұл бала менің қарауға тиіс жалғыз қанатым. (…) Балалар ештеңеге де кінәлі емес, біз олар өмір сүреді деп үміттенеміз. Мемлекеттен мәселені шешуін сұраймын. Мүмкін біреулер назарын аударады, әлде профессорлар", — деп сұрады көмек Сапар Әміртай.

Ер адам қайтыс болған әйелінің денсаулығына өте мұқият қарағанын айтты. Ол 31 жасында қайтыс болған. Әйелінің өлімі туралы түсініктеме беруден бас тартты. "Өлім жайлы ештеңе айта алмаймын. Анықталсын, әркімнің өзінің жұмысы бар. Бірдеңке айтуға менің құқығым жоқ, ештеңе білмеймін де. Тергеу жүріп жатса, ол жалғасу керек", — деді ол. Ер адам тағы бір үлкен қызын тәрбиелеп отырғанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада №1 перинаталық орталықта босану кезінде екі әйел қайтыс болған еді. Біріншісі 21 маусымда таңғы сағат 5-те 1983 жылңы қыз қайтыс болған. Екінші өлім 04.03-де 25 маусымда болған, қайтыс болған кезде қыз 31 жаста еді. Олардың екеуінде жүктілікке жатпайтын экстрагениталды соматикалық аурулар байқалған.