Астанада қамаудан қашып кеткен азамат ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада қамаудан қашып кеткен азамат ұсталды

Астанада қамаудан қашып кеткен азамат ұсталды

Кеше Астанада құқық қорғаушылардың қолынан тергеу барысына қамауға алынған азамат қашып кетті, ол бүгін, 16 сағаттан кейін ұсталды,

  • 20 Желтоқсан 2012
  • 354
Фото - Caravan.kz

деп хабарланды ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесінің баспасөз қызметінен.

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаменті басшысының міндетін атқарушы Толқын Нарымбиеваның сөзіне қарағанда, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің сауатты әрекеттері арқасында қашқын сағат 12.30-да Сыздық Мұхамеджанов көшесіндегі үйлердің арасында ұсталды, ол ұстау кезінде қарсылық көрсетпеді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше шамамен сағат 19.30-да ҚР ҚК 259-бабы, 1-1 тармағында қарастырылған (есірткі заттарын сатып алу, тасымалдау, сату, сақтау) қылмыстарды жасағаны үшін тергеу барысына қамауға алынған 1972 жылы туған Ковалев Игорь Васильевич қашып кетті.

Қамауға алынған азамат Астана қаласындағы Теміржол ауруханасының бірінші қабатында орналасқан рентгенкабинеттің терезесінен секіріп кеткен. Онда ол қарауылдардың ілесуімен «Сол қолының иығы мен бұғанасының шығуы» диагнозымен медициналық көмек көрсету үшін жеткізілген болатын.