Астанада қанша адам жұмыссыз отыр? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада қанша адам жұмыссыз отыр?

Астанада қанша адам жұмыссыз отыр?

1 қазандағы жағдай бойынша Астана қаласының құзырлы органдарында жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрғандардың саны 5 106 адамды құрады.

  • 31 Қазан 2012
  • 700
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан мәлім етті.

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында хабарланғандай, 2012 жылдың басынан бері жұмыс іздеп, 10 398 адам жүгінген. Олардың 6 638-і немесе 63,8 пайызы — әйелдер. 14-29 жас аралығындағы жастардың үлесі 61 пайыз немесе 6 343 адам. 9 айдың ішінде 3 624 адам еңбекке орналастырылды.

Еңбек нарығында жұмыссыз азаматтарға қолдау білдіру және бейімдеу мақсатында Астана қаласының Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы белсенді іс-шаралар қабылдауда. Кәсіптік білім беруді ұйымдастыру аясында білім беру ұйымдарымен екіжақты келісімдерге қол қойылды. 2012 жылдың басынан бері кәсіби даярлықтан, қайта даярлықтан өтуге және біліктілікті арттыруға 636 адам жолданып, 39-ы еңбекке орналастырылды.

Сондай-ақ 133 жұмыс берушімен ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға келісімшарттар жасалды. Жыл басталғалы қоғамдық жұмыстарға 2 572 адам жолданды.

Ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша, еңбекпен қамту органдарының базасында 1 335 бос жұмыс орны бар.

Соңғы жаңалықтар