Астанада қарашаның аяғында Түркия, Орталық Азия және Кавказ елдерінің энергетика министрлерінің кездесуі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада қарашаның аяғында Түркия, Орталық Азия және Кавказ елдерінің энергетика министрлерінің кездесуі өтеді

Астанада қарашаның аяғында Түркия, Орталық Азия және Кавказ елдерінің энергетика министрлерінің кездесуі өтеді

АСТАНА. 6-қыркүйек. Kazakhstan Today. Астанада 30- қарашада Түркия, Орталық Азия және Кавказ елдерінің энергетика министрлерінің кездесуі өтеді. Бұл туралы Еуропалық Комиссияның Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы өкілдігінің жетекшісі Адриан ван дер Меер бүгін өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 6 Қыркүйек 2006
  • 377
Фото - Caravan.kz

«Біз Еуроодақ елдері мен Қазақстанның энергетика саласындағы ынтымақтастыққа қатысты мүдделерін бір арнаға тоғыстыру мақсатын көздейміз. Біз Еуропа нарығында Қазақстанның мұнайы мен газының ауқымы арта түскенін қалаймыз. Ол үшін өнім өндіруші — тасымалдаушы- тұтынушы тізбегін дұрыс жолға қою керек»,- деді А.Меер.

«Біз Баку процессі атауына ие болған шара барысында осы мақсатты көздей жұмыс істеп жатырмыз. Бұл кездесулердің түпкілікті нәтижесінде энергетикалық ынтымақтастық жөніндегі қорытынды құжатқа қол қойылады. Оған энергетика министрлері Астанада 30-қарашада өтетін кездсу кезінде қол қояды»,- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта