Компания өкілдерінің пікірінше, жаңа кеңселерді ашу ҚПО-ның еліміздегі мемлекеттік мекемелермен, соның ішінде бірінші кезекте Қарашығанақ жобасын жүзеге асыруда мемекет мүддесін қорғайтын «ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-мен өзара ынтымақтастық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в. » компаниясының Астанадағы өкілдігін Клаудио Кольятти, ал Бірлескен басқару комитеті хатшылығын Дейв Скиллз басқаратын болды. Бұған дейін бұл адамдар «Эни» және «Би-Джи Групп» компанияларында жауапты қызметтер атқарған.
«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в. » компаниясының бас директоры Паоло Кампеллидің айтуынша, бұл оқиға жобаны дамытуда жаңа кезеңнің басталғанын, сондай-ақ, компанияның құрылтайшылары мен ҚР үкіметі арасында 1998-жылдың қараша айында қол қойылған Өзара өнім бөлісу жөніндегі негізгі келісімнің шарттарына бағынуға әзірлігін меңзейді.
Кеңселердің ресми ашылу салтанатына «ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-ның басқарушы директоры Жақып Марабаев, «Би-Джи Групп» компаниясының Азия, Орта және Таяу Шығыс елдеріндегі атқарушы вице-президенті әрі басқарушы директоры Дэйв Робертс, ҚПО компаниясының бас директоры П.Кампелли басқарған сапартоп қатысты.