Астанада Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг компаниясы мен Қарашығанақ жобасы бойынша Бірлескен басқару комитеті хатшылығының өкілдігі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг компаниясы мен Қарашығанақ жобасы бойынша Бірлескен басқару комитеті хатшылығының өкілдігі ашылды

Астанада Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг компаниясы мен Қарашығанақ жобасы бойынша Бірлескен басқару комитеті хатшылығының өкілдігі ашылды

Астанада "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в. " компаниясы мен Қарашығанақ жобасы бойынша Бірлескен басқару комитеті хатшылығының өкілдігі ашылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚПО компаниясының бұқарамен байланыс бөлімінен хабарлады.

  • 12 Желтоқсан 2003
  • 735
Фото - Caravan.kz

Компания өкілдерінің пікірінше, жаңа кеңселерді ашу ҚПО-ның еліміздегі мемлекеттік мекемелермен, соның ішінде бірінші кезекте Қарашығанақ жобасын жүзеге асыруда мемекет мүддесін қорғайтын «ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-мен өзара ынтымақтастық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в. » компаниясының Астанадағы өкілдігін Клаудио Кольятти, ал Бірлескен басқару комитеті хатшылығын Дейв Скиллз басқаратын болды. Бұған дейін бұл адамдар «Эни» және «Би-Джи Групп» компанияларында жауапты қызметтер атқарған.
«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в. » компаниясының бас директоры Паоло Кампеллидің айтуынша, бұл оқиға жобаны дамытуда жаңа кезеңнің басталғанын, сондай-ақ, компанияның құрылтайшылары мен ҚР үкіметі арасында 1998-жылдың қараша айында қол қойылған Өзара өнім бөлісу жөніндегі негізгі келісімнің шарттарына бағынуға әзірлігін меңзейді.
Кеңселердің ресми ашылу салтанатына «ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-ның басқарушы директоры Жақып Марабаев, «Би-Джи Групп» компаниясының Азия, Орта және Таяу Шығыс елдеріндегі атқарушы вице-президенті әрі басқарушы директоры Дэйв Робертс, ҚПО компаниясының бас директоры П.Кампелли басқарған сапартоп қатысты.

Соңғы жаңалықтар