Астанада қатты аяздан «Бәйтерек» монументінің күмбезі шытынады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада қатты аяздан «Бәйтерек» монументінің күмбезі шытынады

Астанада қатты аяздан «Бәйтерек» монументінің күмбезі шытынады

Астанада қатты аяздан «Бәйтерек» монументінің күмбезінде жарықшақ пайда болған, деп хабарлайды Baq.kz. «Астана-Бәйтере

  • 22 Қараша 2016
  • 545
Фото - Caravan.kz

Астанада қатты аяздан «Бәйтерек» монументінің күмбезінде жарықшақ пайда болған, деп хабарлайды Baq.kz. «Астана-Бәйтерек» ЖШС басшылығының мәліметінше, үскірік аяздан келген зақым адамдарға еш қауіп төндірмейді.

«Астана-Бәйтерек» монументінің күмбезі көп қабатты шыны пакеттерден тұрады. Оларды Италияда Sunglass компаниясы дайындайды. Температураның түсуі мен желдің күшеюінен кейбір шыны пакеттердің ішкі қабаты бұзылған. Тиісінше, пайда болған жарықшақ монументке келген қонақтарға ешқандай қауіп төндірмейді», — деп сендірді ЖШС директоры Мұрат Сапарғалиев.


Сапарғалиевтің айтуынша, қазіргі таңда монументті күрделі жөндеуден өткізу бойынша мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшарт бекіту процедурасы жүріп жатыр. Зақымдалған шыны пакеттер жаңасына алмастырылады, деп жазады today.kz.

«Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес бюджет есебінен күрделі жөндеу жүргізіліп, зақымдалған шыны пакеттер алмастырылады», — деп түйіндеді сөзін «Астана-Бәйтерек» ЖШС директоры.

Соңғы жаңалықтар