Астанада «Қазанат» кітабінің үшінші шығарылымы таныстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Қазанат» кітабінің үшінші шығарылымы таныстырылды

Астанада «Қазанат» кітабінің үшінші шығарылымы таныстырылды

Ыстамбұл қаласында жарыққа шыққан ат спорты мен жылқы шаруашылығының бүгінгі жай-күйіне арналған «Қазанат» кітабі бүгін Астана жұртына таныстырылды.

  • 13 Сәуiр 2011
  • 624
Фото - Caravan.kz

Оның авторлары еліміздегі ат спорты мен жылқы шаруашылығының білікті жанашырлары саналатын Кеңес Рақышев пен Сәдібек Түгел.

Бес бөлімнен тұратын бұл кітап жылқының қадір-қасиеті турасында ел аузында айтылып келген аңыз-әңгімелермен бірге жылқы малының биологиялық ерекшеліктері мен тұқым түрлері, республикада аталған саланы өркендету мен ат спортын дамытудың нақты мүмкіндіктері жан-жақты сараланып көрсетілген.

Осымен үшінші мәрте басылып шыққан еңбек, мамандардың айтуынша, бүгінгі күні бүкіл қазақ атбегілерінің қолынан түспейтін, қастерлеп оқитын шежіресіне, энциклопедиясына айналып үлгерді. Жалпы алғанда «Қазанат» кітабының оқырмандарымен қауышқанына биыл 5 жыл болды.

Авторлар Өр Алтайдан — Атырауға, Ұлытаудан — Алатауға дейін созылып жатқан Ұлы даланы, қасиетті байтақ жерімізді батыр бабаларымыз жәй аттың үстінде емес, қазақтың құс тістеген сәйгүлігі — Қазанатының үстінде жүріп қорғағанын тың деректермен әдемі суреттей білген. Сондай-ақ мұнда археолог Зейнолла Самашев Берел қорымынан тапқан он үш жирен айғыр туралы тұшымды дәйектер табылады.

Кітаптың тиражы 3000 дана, көлемі 200 бет, аталған энциклопедиялық туындыға 323 фотосурет пайдаланылған.

Перейти к новостям спорта