Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығы «Қазақ Елі» монументінің алдындағы алаңда өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығы «Қазақ Елі» монументінің алдындағы алаңда өтеді

Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығы «Қазақ Елі» монументінің алдындағы алаңда өтеді

Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында Астанада ауқымды мәдени шаралар өтеді, деп хабарлайды елорда әкімінің ресми сайты.

  • 4 Қыркүйек 2015
  • 417
Фото - Caravan.kz

Басты салтанатты шара «Қазақ Елі» монументінің алдындағы алаңда өтеді.

11-13 қыркүйек аралығында «Қазақ Елі» монументінің алдындағы алаңда үлкен этноауыл ашылады. Қазақстанның барлық өңірлерінің қатысуымен халықтық серуен ұйымдастырылады.

«Республикамыздың әрбір өңірі елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына үздік хореографиялық ұжымдардың, этнографиялық ансамбльдердің, халық және эстрада жанрлары солистерінің қатысуымен бір жарым сағаттық мәдени бағдарлама ұсынады», — деді Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөйлеген сөзінде.

«Қазақ Елі» алаңында 50 киіз үй тігіледі, екі үлкен сахна, спорттық алаңдар, алтыбақандар, тайқазандар және т.б. орнатылады. Этноауылда ұлттық спорт түрлерінен, атап айтқанда, қазақ күресі, арқан тарту, тоғыз құмалақтан жарыстар өтеді. Мерекелік шаралар бағдарламасына сондай-ақ сәндік-қолданбалы өнердің көрме-жәрмеңкесі, халық шеберлерінің шеберлік дәрістері, үздік шығармашылық ұжымдардың концерттері, сонымен қатар, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт енгізілді. 


Соңғы жаңалықтар